Ерлан Қарин: Киіз үй – әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі
Үндістанда өтіп жатқан ЮНЕСКО Үкіметаралық комитетінің 20-сессиясында «Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі» аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды. Бұл жаңалықты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Оны беделді тізімге 10 жыл бұрын Қазақстан мен Қырғызстан енгізген. Мемлекеттік кеңесшінің сөзінше, мұндай шешім киіз үйді әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі ретінде танылуын күшейтіп, Орталық Азия мұрасының ортақтығын айғақтайды. «Қазақстан осыған дейін ұйымның материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне 14 аталым қосқан болатын. Еліміз аталған көрсеткіш бойынша 183 мемлекеттің ішінде үздік 25 елдің қатарында тұр. Сонымен қатар қазіргі таңда Қазақстанның «Салбурын» ұлттық өтінімі және «Кесте тігу өнері», «Киіз басу өнері», «Алпамыс жыры», «Тақия» аталымдары ЮНЕСКО-ның қарауында екенін айта кеткен жөн», - деп жазды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы