Жетісу облысында үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
Жетісу облысында апатты жағдайдағы және үш аусымды мектептердің мәселесі толық шешілді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты. Облыс құрылғаннан бастап, білім беру саласында 19 жаңа нысан салынып, 22-сі күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде бейімделген мектептер саны 69-дан 38-ге дейін қысқарды. Денсаулық сақтау саласында да 149 жаңа ғимарат қолданысқа беріліп, 13 нысанға күрделі жөндеу жүргізілген. Сондай-ақ облыс құрылғаннан бері 39 спорттық және 34 мәдениет нысаны жаңартылып, пайдалануға берілді.
Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:
2024 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 1,7 есе өсті. 2023–2025 жылдар аралығында шамамен 1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 13,5 мың пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен – 6689 пәтер.
Жетісу облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 2,7 трлн теңге болады
Жетісу облысы 2023-2024 жылдары жалпы өңірлік
өнім көлемінің өсімі бойынша
республикада үздік шықты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнім көлемі
15 пайыз өсім көрсетіп, 2,2 трлн теңгеге жетті. Жылдың соңында жалпы өңірлік
өнімді 2,7 трлн теңге жеткізу межесі қойылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы