Басты Жаңалықтар Сенат төрағасы бірқатар кездесу өткізді

Сенат төрағасы бірқатар кездесу өткізді

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ватиканда Егеменді Мальта Орденінің Ұлы Магистрі Фра Джон Тимоти Данлаппен, сондай-ақ Ұлы Канцлері Риккардо ди Монтекупомен де кездесті. Мәулен Әшімбаев Фра Джон Тимоти Данлапқа, Қазақстан Егеменді Мальта Орденімен ынтымақты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Қос мемлекет дінаралық диалог, гуманитарлық көмек, медициналық және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында байланысты күшейтуге ниетті. Ал Риккардо ди Монтекупомен кездесуде бейбітшілік пен диалогтың жаһандық мәдениетін ілгерілету жөніндегі бастамаларға баса мән берілді. Сенат төрағасы Қазақстан Президентінің қақтығыстар мен дағдарыстардан зардап шегіп жатқан елдерді қолдауға бағытталған бастамаларына тоқталды. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Дінаралық диалог жөніндегі Ватикан дикастериясының Ислам істері бюросының бұрынғы басшысы Халед Акашемен кездесті және Рим Папасы Францисктің Санта-Мария-Маджоре базиликасындағы қабіріне гүл шоқтарын қойды. Қазақстандық делегация Молекулалық генетика ғылыми-зерттеу орталығының қызметімен де танысты. Сонымен қатар Римдегі Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


Бөлісу