Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
Домбыра мен сазсырнай Бельгияның мемлекеттік мұражайының коллекциясына қосылды. Ұлттық аспаптарды еліміздің осы мемлекеттегі Елшілігі «Алатау әуендері» концерттік ұйымымен бірігіп Брюссельдегі музыкалық аспаптар мұражайына ресми түрде сыйға тартты. 2 ғасырлық тарихы бар музейдің топтамасында түрлі ұлт пен мемлекеттің 10 мыңға жуық музыкалық аспабы бар. Мекеме басшылығы жақын күндері сөреге домбыра мен сазсырнайды арнайы орналастырады. Мұражайға келушілер ұлттық аспаптарды көріп қана қоймай, үнін естіп, олардың шығу тегі мен маңыздылығы туралы ақпарат алады. Шара барысында Алматы облыстық «Құлансаз» ансамблінің музыканттары қазақ күйлері мен әуендерін орындап, аспаптарды көпшілікке таныстырды.
Саския Виллаерт, Брюссельдің музыкалық аспаптар музейінің өкілі:
Бірнеше жыл бұрын Қазақстан елшілігі бізге қазақтың үш ұлттық аспабын сыйға тартқан. Бүгін топтамамыз домбырамен, екі сазсырнаймен, яғни тағы үш аспаппен толығып отыр. Бельгия үкіметіне осындай құнды сыйлық жасағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Бүгін музыканттардың ойнағанын таспаға жазып алдық, енді соны аудиогидке енгіземіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы