Басты Жаңалықтар «Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен

«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен

Алматыда «Саламатты Қазақстан» медициналық-құқықтық пойызының кезекті бағыты өз мәресіне жетті. Сапар аясында дәрігерлер мен заңгерлер ауыл-аймақтың 100 мыңға жуық тұрғынына кәсіби қолдау көрсеткен. Мамандардың сөзінше, пойыз 20 мың шақырымды жүріп өтіп, 17 өңірдегі 123 ауылды аралаған. Құрамда болған 29 дәрігерге 95 мыңнан аса адам қаралған. Олардың үштен бірі - бала. 2 мың адамның ауыр созылмалы ауруы ерте сатысында анықталған. Сондай-ақ заңгерлер 4 мыңға жуық тұрғынның өтінішін қарапты. Жоба Президент жанындағы Ұлттық комиссия, «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүзеге асқан. Айта кетсек, сәуір айында сапарын бастаған дәстүрлі пойыз биыл 13-рет жолға шығып отыр.

Альфия Адиева, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демография жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі:

Алты ай бойы пойызда жүріп, халыққа көмегін көрсеткен медицина мамандарымен, заңгерлермен, медиаторлармен кездесу өткіздік. Кездесудің мақсаты жол бойында болған жұмыстардың нәтижесін қорытындылау және ұсынымдарды қарастыру болатын. Бұл жерде тек қана диагностика емес, кейбір шағын оталар да жұмыс істеді.


Бөлісу