Халықаралық панорама: Қырғызстан, Украина және бейбітшілік күн тәртібі
Қырғызстан Конституциялық соты президенттің өлім жазасын қайтару туралы бастамасын кері қайтарды.
Садыр Жапаров Конституцияға балаларды зорлап және өлтіргендерді өлім жазасына кесуді қарастыратын өзгеріс енгізсе, қалай болады? – деп сауалды екшеуді сұраған.
Сот бұл ұсыныстың Конституцияның негізгі қағидаттарына және елдің халықаралық міндеттемелеріне қайшы келетінін, сондықтан референдумға ұсынылмайтынын мәлімдеді.
Осы күзде кезекті рет қыз бала айуандықпен өлтірілген соң, Қырғыз президенті өлім жазасын қайтару керек деген.
Бүгін Америка мен Украина Берлинде бейбітшілік бойынша келіссөз өткізуге келіскен. Д.Трамп арнайы өкілі Стив Уиткофф пен күйеу баласы Джаред Кушнерді жіберетінін айтқан. Ал бұл тақырыпқа орай бүгіннің маңызды жаңалығы – ЕО ресей активтерін мерзімсіз уақытқа, бейнелеп айтқанда, «қатырып» қойды. Ресей Украинаға толық репарация төлемей, 210 млрд доллар Еуропа аумағынан шықпайды.
Ал ертең сол Берлинде Еуроодақ елдерінің басшылары, Солтүстік альянс ұйымының бас хатшысы Марк Рютте және Владимир Зеленский кездеседі. Бейбітшілік келісімі бойынша жүріп жатқан келіссөздер, әрине, үмітті сөндірмейді.
Дегенмен ең маңызды мәселелер – жер және Украинаның қауіпсіздігіне кепіл беру сұрақтары оңайлықпен шешілмейтіні анық. Оның үстіне Д.Трамп Украинада сайлау өткізуді қайтадан талап ете бастады.
Соғыс жүріп жатыр. Миллиондаған украин босып кетті. Қалай? Бірақ Трамппен айтысудың құны жоғары екенін білетін В.Зеленский «сайлау өткізуге дайынбыз, алайда ол үшін АҚШ пен өзге де одақтастар сайлауды өткізуді қамтамасыз етсін» деп мәлімдеді.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15