Ватикан Қазақстанмен дінаралық диалогты күшейтеді
Қазақстандағы Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы мен Мальта Ордені арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжат аясында қос тарап діндер, мәдениеттер мен өркениеттердің өзара іс қимылы саласында біріккен жобаларды жүзеге асырмақ. Зерттеу, талдау бойынша өзара тәжірибе алмасады. Сондай-ақ, Қазақстандағы Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Ватиканның дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясымен де өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Маңызды құжатқа сәйкес, қос тарап дінаралық, конфессияаралық дипломатия саласында ынтымақты күшейтеді.
Гүлсана Қожабай, конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының басқарма төрайымы:
Бұл меморандум қос институт үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз ортақ комитет құрып, екі жылда бір рет кездесіп отырамыз. Бұл бізге Ватиканмен дінаралық диалог саласында ынтымақты күшейтуге керемет мүмкіндік. Ватикан о бастан Қазақстанның дінаралық диалогты арттыруға бағытталған бастамаларын, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін қолдап келеді. Бүгінгі шара да өзара қатынасымыздың тереңдігін дәлелдей түсті.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15