Д.Исабековтың кітабы түрікше жарық көрді
Ыстанбұл қаласында белгілі жазушы Дулат Исабековтың «Тіршілік» атты кітабы түрік тілінде жарық көрді. Кітапқа жазушының таңдаулы шығармалары жинақталған. Түркиядағы ең үлкен кітапханалардың бірінде өткен тұсаукесер рәсімінде сондай-ақ қазақ әдебиетінің бүгінгі тынысы мен шет мемлекеттерде таныстырылу жайы да талқыланды. Түркиялық жазушылар қазақ әдебиетінің Түркияда әлі де кең танылмай тұрғанын тілге тиек етті. Жиналған зиялы қауым өкілдері бауырлас екі ел арасындағы шығармашылық байланысты нығайту жолдарын да қарастырды. Басқосуға Дулат Исабековтың ұлы арнайы қонақ ретінде қатысты. Жиын соңында шағын концерт ұйымдастырылып, қазақтың ән-күйлері шырқалды.
Естияр Исабеков, Д.Исабековтың ұлы:
Бүгінгі конференция биік деңгейде өтті. Папамның бүгінгі тұсаукесер кітабы «Тіршілігі» екі елдің көпірін жалғап, екі елдің басын қосқан жер. Өзімнің атымнан, отбасымның атынан үлкен ризашылығымды білдіргім келіп тұр. Рахмет айтқым келіп тұр.
Ашур Өздемир, аудармашы:
Өкінішке қарай қазақ әдебиеті Түркияда тиісті деңгейде таныстырылмай жүр. Өзім Дулат ағаның 7 әңгімесін аудардым. Олардың төртеуі бірнеше жыл бұрын түрікше кітап болып басылып шыққан еді. Бүгінгі жиында Дулат ағаның шығармалары арқылы қазақ әдебиетін түрік оқырмандарына тереңірек таныстыруды көздедік. Оқырмандар тарапынан қызығушылық өте жоғары болды.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02