Түркістан облысындағы мақта зауыты өртенді
Түркістан облысының Отырар ауданында мақта зауытынан өрт шықты.
Тілсіз жау түнгі сағат үштер шамасында Темір ауылындағы мақта пунктінде тұтанған. Жалын зауыттың 360 шаршы метр аумағын шарпып, биыл жиналған 260 тонна мақта жанып кетті. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 30 жеке құрам мен 7 техника жұмылдырылды. Қосымша көмекке ауыл тұрғындары мен орман шаруашылығының мамандары да жеткен. Өрт сөндірушілер жалынды таңғы жетілер шамасында толық сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Жұмылып әрекет жасаудың арқасында қалған 4 мың тоннадан астам мақтаның жануына жол берілмеді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17