Алматыда қоқыс шығаратын компанияға техникалар берілді
Алматыда қоқыс шығаратын компанияға 50 жаңа техника берілді. Қазақстанда құралған техникалар кәдеге жарату төлемдері есебінен жеңілдетілген қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сатып алынған. Жалпы сомасы 3,3 млрд теңге. Қаржыландыру «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы жылдық 3 пайызбен 7 жылға дейін несие түрінде берілген. Машиналар Еуро-5 экологиялық дизельді қозғалтқыштармен жүреді. 12 текше метрлік артқы жүктеу жүйесімен және ұзындығы 6 метрден асатын көтергіш-манипулятормен жабдықталған. Компания күн сайын қала бойынша бір миллионнан аса тұрғынға және 14 мың заңды тұлғаға қызмет көрсетеді.
Саян Ақбалаев, «Ақ тәртіп» ЖШС қаржы жөніндегі директоры:
Осы шаралардың арқасында кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы нығайып, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жеделдігі артып, жұмысшыларымыздың еңбек жағдайымен, қауіпсіздігі жақсарды. Жалпы, Алматы қаласына қызмет көрсету сапасы артты.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17