Ақтөбе әуежайы миллионыншы жолаушысын қарсы алды
Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайының бір жылдағы жолаушыларының саны алғаш рет миллионан асты. Бүгін Астанадан Ақтөбеге келіп қонған ұшақты өңір жұрты ерекше ықыласпен қарсы алды.
Ұшақтан түскен жолаушылардың ішінде кімнің миллионыншы екені жеребе арқылы анықталды. Көп ішінен елордадан жарыстан қайтып келе жатқан Сенім есімді оқушының жолы болды. Оған смартфон мен Астана қаласына тегін ұшып барып келуге арналған билет сертификаты табысталды. Биыл Ақтөбе әуежайынан барлығы 4449 рейс ұшқан. Жолаушылар саны жыл сайын артып келеді.
Салтанат Сайлыбаева, әуежайдың бөлім басшысы:
Бұл күн Ақтөбенің және әуежайымыздың тарихында қалады. Өйткені алғаш рет миллионыншы жолаушыны қарсы алдық. Әуе компанияларымен тығыз байланыс орнатып, авиациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы осындай жетістікке жетіп отырмыз.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06