Қар, тұман, көктайғақ: ТЖД ескерту жасады
Кешелі бері ел аумағыда ауа райы құбылды. Кей жерлерде қар, жауын жауып, қатты жел, боран соқты. Күн райын қазір әріптестерім жеткізу үшін бізбен байланысқа шығып тұр. Алдымен Алматыдан бастасақ. Мегаполисте бүгін таңнан жауын жауып, арты қарға ұласты. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға бірнеше маңызды ескерту жасады.
Қуан Нұрақын, тілші:
Күндіз жауған қар аралас жаңбыр бірден еріп, біртіндеп қата бастаған. Себебі күн құбылып, күндіз жылы, түнге қарай суытты. Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр. Әсіресе тауға, ұзақ сапарға шықпауға кеңес береді. Таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі жоғары, дейді мамандар. Синоптиктердің болжамынша, ертең күн бұлтты болса, сәрсенбіден бастап аптаның соңына дейін қар жаууы мүмкін. Ауа ылғалдылығы 93 пайызға дейін жетеді. Әуежай, вокзал сияқты маңызы бар нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04