Павлодарда барлық бағыт бойынша жолдар жабылды
Павлодарда күн райы сәт сайын құбылып тұр. Жолдар бірде ашылып, бірде жабылады. Аймақтағы ауа райына қатысты ахуалды меншікті тілшіміз айтып береді.
Болат Аманбаев, тілші:
Павлодар облысында кешкі сағат 7-ден бастап барлық бағыттар бойынша жол жабылды. Себебі боран көтеріліп келеді. Кеш түсе ауа температурасы суыта бастады. Қазір -7 градусты көрсетіп тұр. Күндіз жылымық болды. Ал кешегі түнде көктайғаққа байланысты барлық бағыттар бойынша жол жабылған болатын. Күндіз қайта ашылды. Бүгін түске дейінгі ауысымдағы 1-9 сыныпқа дейінгі оқушылар сабақты онлайн форматта оқыды. Ал екінші ауысымдағы оқушылар үшін қалыпты жағдайда, яғни мектеп ішінде өткізілді. Болжамға қарағанда ертең өңірде күн ашық, ауа температурасы 6 градус суық болады.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17