Тәртіпке бағынбаған жүргізуші айыппұл арқалайды
Қатты боран, көктайғақ немесе жолдың нашар көрінуі кезінде тәртіпке бағынбай жолға шыққан көлік жүргізушісіне айыппұл салынады. Жол жабық болатындығы алдын ала ескертілсе де, кей жүргізушілер алыс сапарға шығудан бас тартпайды, дейді Төтенше жағдай мамандары. Ескертуге құлақ аспағандар 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлемек. Сонымен қатыр қыстың күні алыс жолға шығатын кез келген көлікте болуы тиіс құрал жабдықтарды атады.
Магомет Ахриев, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басқарма бастығы:
Ұзақ жолға шығарда көлікте міндетті түрде резеңке-техникалық жабдықтар, жылы киім, азық-түлік, апаттық белгілер, байланыс құралдары, қуаттағыш болуы керек. Қалай дегенмен, қауіпсіздікке бей-жай қарамай, тұрақсыз ауа райы кезінде ұзақ жолға шықпаған абзал. Өкінішке қарай, ескерту айтылып жатса да, оған құлақ аспайтын жүргізушілер бар.
Қыс басталғалы 1200-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды
Қыс басталғалы құтқарушылар жолда қалып қойған 1200-ге жуық адамды қар құрсауынан құтқарған, оның 130-ы бала. Айта кетейік, бүгінде еліміздің барлық аумағында жедел құтқару штабтары жұмыс істеп тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы