Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Әлемнің ең суық қаласы Якутскіде бүгін минус 51 градус аяз тіркелді. Осыған байланысты 1-8 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан жүргізілді.  

Берлинде Украина мен АҚШ арасында кезекті келіссөз өтті. АҚШ президентінің арнайы елшісі Стив Уиткоффтың айтуынша, тараптар 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды талқылап, ірі прогреске қол жеткізген. Жиын бүгін қайта жалғасты.

Австралияда шабуылдан 15 адам қаза тапты. Оқиға Сиднейдің Бонди-Бич жағалауында болған. Демалушыларға 50 жастағы ер адам мен оның 24 жастағы ұлы шабуыл жасаған. Жергілікті полиция оқиғаны «теракт» деп атады.

Иранда жанармай қымбаттады. Бір литрі 50 мың реал немесе 4 центке сатылып жатыр. Дегенмен Иран бензиннің арзандығы жағынан әлемде алдыңғы қатарда тұр. Бұған үкіметтің бензин өндірісі мен оны жеткізуді субсидиялауы себеп.

Бөлісу