Мәскеуде пәтер бағасы күрт өсті
Мәскеуде үй бағасы күрт өсті. Мәселен, жаңа ғимараттағы шаршы метр 800 мың рубльге дейін қымбаттады. Осылайша бір жылда тұрғын үй құны кей аудандарда 100 пайызға дейін өскен. Санкция салдарынан елде ипотекаға үй алу қиындады, жалдамалы пәтер бағасы да шарықтаған. Мәселен, былтыр 40-50 мың рубльге жалға берілген бір бөлмелі пәтерді биыл жалға алу құны 150 мың рубльден асады. Сондықтан Ресей астанасынан Санкт-Петербург, Қазан және Сочи қалаларына көшіп жатқандар көп. Жүргізілген зерттеуге сәйкес, мәскеуліктердің 50 пайызы қымбат баспана үшін қаладан кетуге дайын екендіктерін жеткізген. Ресейдегі еңбек мигранттарының да саны кемігендіктен, бұл құрылыс саласына кері әсерін тигізді.
Мария Атлас, сарапшы:
Базалық мөлшерлеменің жоғары болуы да баспана бағасына кері әсер етті. Бір жылда банктер базалық мөлшерлемені бірнеше рет көтерді. Тіпті кей банктерде ипотекалық мөлшерлеме 43 пайыздан асып кеткен. Сондықтан сатып алу қабілеті де төмендеп отыр. Элиталы үйлерде шаршы метр құны 3.5 миллион рубльге дейін барады. Мұндай баға ешқашан болмаған.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06