Қазақстандықтар ақшасын жаппай банкке сала бастаған
Халық ақшасын жаппай банкке сала бастады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік қоры дерегіне сәйкес, биыл 10 айда жеке тұлғалардың депозиттері 2,1 триллион теңгеге өскен. Сөйтіп, депозиттегі ақша 26,6 триллион теңгені құрады. Негізгі өсім теңгелік салымдар есебінен. Ал доллар мен еуродағы жинақтар керісінше азайған. Бұған басты себеп – биыл Ұлттық банк базалық мөлшерлемені екі рет көтерді. Нәтижесінде банктер депозит пайызын арттырды. Қазір кейбір салымдар жылына 20 пайызға дейін табыс әкеледі. Бұл көрсеткіш инфляциядан жоғары, яғни азаматтар ақшасын сақтап қана қоймай, нақты пайда көріп отыр. Бүгінде қаржылық ұйымдар клиент тарту үшін тек пайызбен емес, қызмет сапасымен, цифрлық мүмкіндіктерімен де бәсекеге түсе бастады. Сондықтан тұрғындар қаржысын бір емес, бірнеше банкке бөліп салуға көшкен. Бұл үрдіс халықтың банктерге деген сенімінің артуының белгісі, дейді мамандар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы