Басты Жаңалықтар 2025 жыл несімен есте қалды?

2025 жыл несімен есте қалды?

Қазақстандықтардың көпшілігі өтіп бара жатқан 2025 жылды оң бағалап отыр. Жалпы, республикалық социологиялық сауалнамаға еліміздің әр өңірінен мың адам қатысқан. «Сіз үшін 2025 жыл қандай болды?» деген сауалға қатысушылардың 37 пайызы жылды «табысты» өтті деп бағаласа, 11 пайызы «сәтсіз» деп бағалаған. Ал тұрғындардың 52 пайызы жылды тұрақты кезең деп атап өткен. Ең айтулы оқиғалар ретінде тұрғындар ұлы ақын Абайдың 180 жылдық мерейтойын, Жеңістің 80 жылдығын және Конституцияның мерейтойын атаған. Сонымен қатар футболдан «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойын, отандық спортшылардың жарқын жеңістері көпшіліктің есінде қалған. Әлемдік жұлдыздардың концерттері де жұрт назарынан тыс қалмапты. Сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы жетістіктер жиі аталып, Мемлекет басшысының халықаралық сапарлары қоғамның қызығушылығын тудырған. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың 71 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді. Ал 77 пайызы Президент жүргізіп отырған саясатқа қолдау білдірген.


Бөлісу