Ақтауда IT-жобалар форумы өтті
Ақтауда «Digital Mangystau IT Forum 2025» шарасы аясында, IT-жобалар мен стартаптар көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, цифрлық трансформация мен киберқауіпсіздік тақырыптары талқыланып, үздік IT-жобаларға қаржылай сыйлықтар табысталды.
IT форумның салтанатты ашылу рәсімін өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай қатысып, робототехника саласындағы жобалармен танысты. Облыс әкімі цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға атсалысып жатқан жастарға алғыс айтып, одан әрі жігерлендірді.
Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысының әкімі:
IT мен жасанды интеллект дамымаса мемлекет ешқашан алдыңғы қатарда болмайды. Ол түсінікті жағдай. IT және жасанды интеллект мектебін салмасқа деген ой мазалап тұр.
Форумда цифрлық трансформация мен киберқауіпсіздік тақырыптарында панельдік сессиялар өтіп, оған мемлекеттік органдар, IT-компаниялар мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ өңірлік стартаптарды қолдауға арналған «Startup Battle» байқауы ұйымдастырылды.
Құдайберген Алмағанбетов, Маңғыстау облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:
Бүгінгі форумның негізгі мақсаты – біздің стартаптарды халықпен, бизнес өкілдерімен таныстыру, әрі қарай дамыту. Одан бөлек, бізде «Startup Battle», «Robo League» чемпионаттары ұйымдастырылады. Стартаптар әрі қарай дамып, халықаралық аренаға шығып, біздің елімізді дамытуға үлкен үлес қосады деген үміттеміз.
Ал жас инженерлер арасында «Robo League» робототехника турнирі өтті. Форум қорытындысында байқау жеңімпаздарын қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Жүлде қоры – 3,5 млн теңгені құрады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы