Басты Жаңалықтар Орталық Азия және Корея парламентарийлер форумы өтті

Орталық Азия және Корея парламентарийлер форумы өтті

Ташкентте Орталық Азия және Корея парламентарийлерінің форумы өтті. Оған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстандық делегация  қатысты. Үшінші рет өткізілген шара парламентаралық диалог пен Орталық Азия елдері арасындағы өзара іс-әрекетті нығайтудың тиімді алаңына айналып отыр. Адами қасиеттер мен әлеуметтік әділдікті келер ұрпақтың бойына сіңіру маңызды. Сонда ғана құмар ойындары, кибербуллинг пен нашақорлық сияқты кеселдерге төтеп бере аламыз. Қазақстан Президенті Орталық Азияның ең құнды ресурсы білімді жас ұрпақ екенін талай рет атап өтті. Сондықтан жас буынға ерекше көңіл бөліп, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуіміз керек,- десті форум қатысушылары.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Адами қадір-қасиет, әлеуметтік әділдік пен қоршаған ортаны қорғау елімізде іске асып жатқан реформалармен толық үндесіп, біте-қайнасып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр бастамасының негізінде осы мызғымас принциптер тұр. Әділеттілік идеясы – ұлттық идеологиямызға айналды. Өз кезегінде, бұл қағидалар – аймағымыздағы, тіпті әлемдегі тұрақты даму мен қауіпсіздіктің кепілі.

Мәжіліс төрағасы өз баяндамасында цифрландыру мен жасанды интеллект мәселелеріне де ерекше тоқталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсаты туралы айтып, соған жетуге бағытталған ауқымды бағдарлама жайлы форум қатысушыларына мәлімет берді.


Бөлісу