Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді
Қызылорда облысы Қазалы ауданында шағын және орта бизнес кеңінен қанат жайып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауыл-аймақта биылдың өзінде 4 миллиард теңгеге кәсіпкерлердің 388 жобасы қаржыландырылған.
Аудандағы ауқымды бизнес бастамалардың бірі Әйтеке би кентіндегі еуропалық үлгідегі салынған жаңа қонақ үй. Ішкі туризмді дамытуға бағытталған жобаға жергілікті кәсіпкер 500 миллион теңге қаржы құйған. Мұнда оннан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы тарихы терең өлкеге алыс-жақын өңірлерден келетін адамдардың саны жылдан жылға ұлғайып келеді.
Асылан Бақытбек, кәсіпкер:
Ауылдық жер болса да қаладан кем емес. Яғни, еуропалық стильде А санатындағы жиһазбен қамтылған. Жалпы ауданы мың шаршы метр. 17 орын бар. Ауданымызға келген қонақтарға сапалы жақсы қызмет көрсетеміз деп ойлаймын.
Ауданда жыл көлемінде мың адам кәсіпкер ретінде тіркелген. Әсіресе, шағын кәсіпорындар саны артқан. Соның бірі, пластикалық есік, терезе жасайтын цех. Жоба құны 30 миллион теңге. Өндіріс жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған. Бүгінде ауыл шеберлері көптің сұранысына сай өнім шығарып отыр.
Оңғар Жүсіпов, менеджер:
Біздің өнімдеріміз аудан, облыс көлемінде басқа шығарылуда. Сондай-ақ басқа облыстардан да тапсырыс бар. Кез келген қиындыққа, ауа райына төзімді, халықтың қалауына қарай жасап бере аламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы