Отпен арпалысқан өрт сөндіруші
Оралда тұрғын үйден өрт шығып, тура газ қоспасы жарылған сәтте балконда аман қалған құтқарушы Қуаныш Тілешовті жұрт «отқа салса, жанбайтын «Терминатор» атап кетті. Өзгенің саулығы үшін басын бәйгеге тіккен құтқарушы №1 өрт сөндіру бөлімінде қызмет етеді. Жасы – 30-да. Өз мамандығын сүйетін «бүгінгінің батырымен» әріптесім Ардақ Мұратқызы тілдесіп қайтты.
Қуаныш Тілешов, Аға өрт сөндіруші, құтқарушы:
Ең қиыны - ол жерге шлагбаум, блокпост сияқты кедергілер қойып тастаған. Біз барған автосатымен, яғни көлікпен кіру мүмкін болмады. Сондықтан қол сатысын қоюға тура келді. Ішке балконға бастап мен кірдім. Су беру керек болады ғой. Өрт ошағын іздеп жатырмыз. Дым көрінбейді. Қою қара түтін. Жағдайдың күрделі екені көрінім тұрды. Бір кезде судың құралдарын тартып жатқанда арт жақтан үлкен жарылыс болды. Өмірім көз алдымнан өтіп кеткендей болды. Есімді бірден жиып алдым. Қайтадан тұру керек. Денемді сездім. Сосын аман қалғаныма шүкіршілігімді айтып, тұрып, сол кезде өрт ошағы көрінді. Қызыл жалын боп. Соған барып, өртті сөндіріп тастадық.
Сағындық Демесін, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
Қуаныш ұжымда беделді. Әрқашан өзінің көмегін беруге дайын тұрады. Әлеуметтік желідегі парақшасына осы өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарының қиын да қызықты сәттерін әрдайым жариялап отырады.
Қуаныш Тілешов, Аға өрт сөндіруші, құтқарушы:
Екеуміздің 4 баламыз бар. 2016 жылы отбасын құрдық. Жолдасыммен өрт сөндіру бөліміне жұмысқа кірген кезде таныстым. Оған алдын ала ескерткенмін «Жұмыс жағдайым осындай. Үйде бірде боламыз, бірде жоқ, ауысыммен істейміз. Демалыста да, әркезде де дабыл соққанда дайын болуымыз керек» деп.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
16.12.2025, 17:58
Мемлекет басшысы Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
16.12.2025, 17:57
Биыл 79 спорт нысаны пайдалануға берілді
16.12.2025, 17:26
Мәдениет саласына 14 жаңа қызметтік автокөлік табысталды
16.12.2025, 17:20
100% сапалы ауызсумен қамтылады
16.12.2025, 17:17
Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді
16.12.2025, 17:14
Биыл Қарағанды облысында 25 инвестициялық жоба жүзеге асты
16.12.2025, 17:10
Орталық Азия және Корея парламентарийлер форумы өтті
16.12.2025, 17:09