Ақмола облысы полицейлері 5 мың көлікті бораннан сақтаған
Ақмола облысында патрульдік полиция қызметкерлері боран болған екі күнде 5 мыңға жуық көлікке жол бастап, қауіпсіз жерге дейін шығарып салған. Нәтижесінде соңғы екі күнде бір де бір апат болмады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 102 полиция қызметкері және 53 патрульдік автокөлік жұмылдырылған. Ал құтқарушылар Көкшетаудан 20 шақырым жерде бұзылып қалған рейстік автобустан 21 жолаушыны қауіпсіз жерге эвакуациялады. Жолаушылардың басым бөлігі Өзбекстан азаматы.
Данияр Аманжолов, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
Өткен екі күн бойы боран болып, облыс бойынша барлық бағытта жолдар жабық болды. Соған қарамастан жолға шығып кеткен мыңдаған автокөлік жолдарда жиналып қалды. Сондықтан күн райы ашылғанда олардың қауіпсіздігі үшін біз оларға жол көрсетіп, шығарып салуды ұйымдастырдық. Барлығы 30 шақты колонна болды. Қазір барлық бағытта жолдар ашық.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17