Тәуелсіздік күніне орай Түркияда сайыс өтті
Түркияда Тәуелсіздік күніне орай зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Анкарада алғаш рет қазақ пен түрік жастары ой додасында білімдерін ортаға салды. Ойында командаларға Алаш қозғалысынан бастап қазақ әдебиеті мен тарихы бойынша сұрақтар қойылды. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Тест, аудио және бейнесұрақтар арқылы командалардың білімі мен топпен жұмыс істеу қабілеті сараланды. Ал білім бәйгесіне Қазақстан тарихын зерттеп жүрген профессорлар қазылық етті. Жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай зияткерлік сайыстарды Түркияның өзге қалаларында да өткізуді жоспарлап отыр.
Жантөре Бектасов, «Анкара қазақ жастары бірлігі» ұйымының төрағасы:
Біздің басты шарт әр командада бір түріктен болады. Яғни бұл дегеніміз қазақтардың және түріктердің мәдениетін өзімізге және басқа ұлттарға да таныту. Яғни екі мемлекет арасында бір байланыс құру сияқты және де бұл куиз тек бір қызықтыру жағынан емес, Тәуелсіздігімізді таныту болады.
Конуралп Ержиласун, тарихшы, профессор:
16 желтоқсан – қазақ халқы үшін айрықша маңызға ие. Осы тарихи кезеңді жас буынға таныстыру мақсатында «Көк ту» және «Анкара қазақ жастары» ұйымы ерекше сайыс ұйымдастырды. Қазылар алқасының мүшесі ретінде жастардың білім деңгейі мен ой ұшқырлығына тәнті болдым. Сайыс мазмұнды әрі тартысты өтті.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15