Дерігерлерді қолдау: Мәжіліс заңды мақұлдады
Дәрігерлерді ұрып-соққандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мәжіліс тиісті заңды екінші оқылымда мақұлдады. Медицина қызметкеріне күш қолданамын деп қорқытса, 300 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі. Тіпті 2 жылға қамалуы мүмкін. Бұл денсаулыққа зиян тигізбеген жағдайда. Ал жарақат келтірсе, 3-7 жылға, өмірге қауіп төндірсе, 7-12 жылға сотталады.
Айта кетсек, кейінгі 5 жылда 300-ге жуық медицина маманына шабуыл жасалған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тек жыл басынан бері 14 қылмыстық іс
тіркелген.
Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты:
Бірінші оқылымнан кейін заң жобасы қосымша пысықталып, бүгін келесідей өзгерістер енгізілді. Біз, біріншіден, қорқыту мен зорлық-зомбылықты бөлек пункттерге ажыратып бердік. Жай ғана қорқытып, эмоциямен сөз айту емес, қолына балта, пышақ алып, сонымен қорқытса, оны қорқыту деп есептейміз. Ал үлкен кісі балағат сөз айтса, ол тек эмоция. Мұндай нюанстарды тергеушілер ескереді.
Бірақ дәрігерлерді қорғау туралы заңға 6 депутат қарсы дауыс берді. Тағы
7-еуі қалыс қалды. Мәселен, депутат, заңгер Абзал Құспанның пікірінше, кейбір
жеке медициналық клиникалар жаңа норманы өз мүддесіне пайдалануы мүмкін.
Салғырттық танытып, денсаулыққа зиян келтірсе де, жауапкершіліктен қашу үшін
«балағаттады» деп, науқастың өзіне жала жабуы ғажап емес. Бұл науқастар мен
медициналық қызметкерлерге қатысты шиеленіскен жағдайлардың көбеюіне алып
келеді дейді, депутат.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16