«Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан» тасжолы жөнделіп жатыр
Маңғыстауда «Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы» тасжолын жөндеу жұмыстары басталды. Ұзындығы 164 шақырымдық автожолдың бір бөлігіне күрделі, екінші бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба - Мемлекет басшысының тапсырмасымен Кендірлі курорттық аймағын дамытып, транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Аягөз Оралбайқызы тілші:
Біз қазір Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы тасжолының 70 шақырымындамыз. Мұнда ескі жол сүріліп, орнына ірі түйіршікті асфальт жабындысын төсеуде. Жұмыс қарқынды 35-тей арнайы техникамен 40 шақты адам жұмылдырылған.
Жоба бойынша тасжолдың 114 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде соның шамамен 30 шақырымына ірі түйіршікті асфальт төселді. Ал автожолдың қалған бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған Маңғыстауда өндірілген жол құрылыс материалдары қолданылуда.
Бақтыбек Матаев, Мердігер мекеменің өкілі:
Республикалық бюджеттің қаражатына салынып жатыр. Бұл Жаңаөзен елді мекенімен Кендірліде аэропорт салынып жатыр. Сол аэропортқа жол, Кендірліден Түрікменстанның шекарасына дейін жол. Жалпы, екі мемлекеттің арасындағы жолды жөндеп жатырмыз. Жоба бойынша бізде 27 жыл. Бірақ келесі жылы аяқтаймыз деп үміттеніп отырмыз.
Аталған жолдың жақсаруымен аймақта транзиттік жүк айналымы күрт артады деп күтілуде. Бұған дейін көршілес түркімен елінен келетін жүк көліктері Қазақстанның теңіз порттарына Ақтау арқылы баратын. Енді Жетібай ауылымен тіке қатынайтын болады.
Қазбек Ермекұлы, «Қазавтожол» ҰК облыстық филиалының директоры:
Ол жол осы Маңғыстау облысына үлкен септігін тигізеді. Өйткені бұл Транскаспий жолындағы маршруттағы соған қосылатын жолдың біреуі. Өйткені Түріменстаннан тасымал және көлік өтуіне өте үлкен ықпалын тигізеді. Осы жол салынса, бізде түгелдей 100 пайыз, республикалық жолдар түгелімен асфальтталады.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы күре жол тәуелсіздік алғалы алғаш рет жөнделіп жатыр. Халықаралық көлік дәлізін келесі жылы іске қосу жоспарланған.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03