Атырау облысында белгісіз індеттен сиырлар өліп жатыр
Атырау облысы Қызылқоға ауданында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр. Ірі қарасынан айырылған Қарабау ауылының тұрғындары редакциямызға хабарласқан болатын. Өңірдегі әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт ауданға арнайы барып, тараптарды тыңдап қайтты.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Қарабау ауылында тамыз айынан бері мал шығыны тоқтамай тұр. Тұрғындардың айтуынша, 60-қа жуық ірі қара шығын болған. Бұл ауыл шаруаларының жағдайына тікелей әсер етеді. Өйткені мал шаруашылығы – мұндағы жұрттың басты күнкөріс көзі.
Шатлық Қабиеваның күн көрісі 2 бұзаулы сиырға қарап отыр еді. Белгісіз індеттен
қорадағы баспағы мен соғымға соямын деген өрістегі өгізі де өліп қалған.
Ауылдағы мал дәрігерлері алғашында қарасан ауруының белгісі барын айтқан.
Шатлық Қабиева, Қарабау тұрғыны:
Суалып кеткен, 10 ай болған бұзауым. Шауып, секіріп жүрген бұзау ғой. Таңертең тұрсам, құлап жатыр. Тіпті тұрмайды. Содан кейін 1 аптадан кейін барып, екінші, далада өрісте жүрген 2 жасар соғымға соямын деп отырған өгізім өліп қалды.
Мүслима Телемгенова, Қарабау тұрғыны:
Осы малға байланысты тіршілігіміз. Соның етін жейміз. Сатамыз. Сүтін ішеміз. Енді қазір дағдарыста отырмыз. Өйткені малды сата алмаймыз, ол ауру ма, сау ма - білмейміз.
Ауыл әкімі де алғашында қарасан ауруының белгісі болғанын жасырмайды. Кейін
өлекселерден сынама алынып, арнайы зертханаға жіберген. Содан соң өлген малды
санитарлық талапқа сай жою жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырдық, дейді Қызылқоға
ауылдық округінің әкімі.
Зейнолла Шалықов, Қызылқоға ауылдық округінің әкімі:
Қазіргі таңда, білесіздер, ауыл малы бағымсыз. 250 үйдің малы 8 бағытқа шығады, 8-9 бағытқа мал шығады. Әр бағыттан 5-6 малдан өліп, қазіргі таңда біздер өлген малдарды көму жұмыстарын, жою жұмыстарын, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отырмыз.
Ал қаладағы жауапты мамандардың сөзіне сенсек, зертхананың қорытынды нәтижесі
бойынша ешқандай жұқпалы ауру анықталмаған.
Сайран Ғұднан, облыстық АШБ ветеринария бөлімінің басшысы:
Қазіргі жағдайда ауылда эпизотиялық ахуал тұрақты. Алдағы уақытта тағы да жағдайлар болса, қосымша тексеру жүргізіледі. Бекітілген бұйрықта аурулардың тізімі бар. Соған байланысты өтемақы төленеді.
Дегенмен ауыл тұрғындары сынама нәтижесімен келіспейтіндерін айтады. Жұқпалы
ауру анықталмаса, ірі қарасы өлгендерге өтемақы төленбейтіні де белгілі.
Малынан айырылған тұрғындар зерттеу жұмыстарын тағы жүргізуді талап етіп отыр.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08