Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Брюссельде Еуропа одағы елдері лидерлерінің саммиті өтіп жатыр. Онда Ресейдің шетелдегі есепшоттарында бұғатталған ақшасын Украинаға көмекке бөлу мәселесі бойынша шешім қабылдануы керек. Жиынға бірер сағат бұрын президент Владимир Зеленский де қосылды.

АҚШ Тайванға 11,1 млрд долларға қару-жарақ сатуды құптады. Мұндай шешім Қытайдың аралға әскери және дипломатиялық қысымы күшейген шақта қабылданып отыр.

Суданда үкімет әскерімен соғысып жатқан Жедел қолдау күштері Дарфур аймағындағы Зәмзәм босқындар лагерінде мыңнан астам бейбіт тұрғынды сот-тергеусіз өлтірген. Бұл туралы баяндаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы кеңсесі бүгін жариялады.

Үндістанда ауаның ластанғаны сонша әйгілі Тәж-Махал мавзолейі түтіннен мүлде көрінбей қалған. Әлемнің жеті кереметінің бірі осы елдің солтүстігіндегі Агра қаласындағы қоқыс жайлаған өзен бойында орналасқан және оны өндірістік шаң-тозаң да жиі басады.


Бөлісу