Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
Қонаев қаласында дауылдан бүлінген нысандар мен инфрақұрылымдардың 95%-ы қалпына келтірілді. Қазір шаһарда жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілді. Қатты жел салдарынан қанша шығын келді? Бүлінген нысандар қашан жөнделеді? Дауылдан кейінгі Қонаевқа арнайы барған тілшіміз Қуан Нұрақынды тыңдайық.
Қуан Нұрақын, тілші:
Қатты дауыл Қонаев қаласында желтоқсанның 11-інен 12-іне ауған түні болған. Жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жететін желден қала бойынша 31 апаттық жағдай тіркеліпті. Яғни, дүлей дауылдан қалада жарық сөніп, үйлер жылусыз қалып, ағаштар құлаған. Бірнеше сағатқа су тоқтап қалған. Бірнеше үйдің шатыры ұшып кеткен.
Қуан Нұрақын, тілші:
Дауылдан кейін қалалық коммуналдық қызметтер мен авариялық бригадалар тәулік бойы жұмыс істеп, сол күні кешке қарай су, жылу және жарықты толық қалпына келтірген. Енді қазір зақымданған шатырлар ауыстырылып жатыр.
Марат Тұрсын, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары:
Қазіргі таңда сол келтірілген залалдың 95%-ы жасалынды. Жалпы сомасының көлемі 150 млн теңгедей ақшаны құрап тұр қазір. Қазіргі таңда барлық нысандар электр жүйелері, су құбырларының барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Қуан Нұрақын, тілші:
Дауылдан соң арнайы құрылған жедел желіге 300-ден аса қоңырау түскен. Барлығы есепке алынып, тиісті көмек көрсетілді. Толық қалпына келтіру жұмыстары 1-2 күнде аяқталады, дейді әкімдік өкілдері.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06