Оқушылар арасында экологиялық квест ұйымдастырылды
Ақмола облысының Біржан сал ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп оқушылары арасында «Жасыл болашақ» квесті өтті. Жарыста викториналық сұрақтар мен интерактивті тапсырмалар арқылы балалардың экологиялық тұрғыда білімдері сыналды. 4 кезеңнен тұрған сайысқа Степняк қаласының екі мектебінен 30 оқушы қатысты. Ойынды ұйымдастырған жастар ресурстық орталығының мамандары қатысушыларға қоқысты сұрыптаудың маңызы туралы нақты мысалдар келтіріп түсіндіруге тырысты. Алдағы уақытта осындай бағыттағы ойындарды басқа мектептерде де өткізу жоспарланып отыр.
Алуа Жақсылық, оқушы:
Біз қазіргі кезде Степняк қаласы қандай болу ыкерек, қандай таза болуы керек екендігін осы сурет арқылы байқата аламыз. Қала өте таза болуы керек. Сондықтан қоқыс өндіру туралы ойындар өткізіліп жатыр. Ол экологиялық сананы қалыптастыруға қажет.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03