Басты Жаңалықтар ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген

ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген

Шығыс Қазақстан облысында туризм саласына тек биылдың өзінде 16 миллард теңгеге инвеститция тартылды. Нәтижесінде аймақтағы туристер келетін аумақтардың инфрақұрылымы реттелді. Биыл өңірге 366 мың  адам саяхаттап келген. Шетелдіктерді тарихи орындар қызықтырса, өз еліміздің азаматтары шығыстың тұмса табиғатына тамсанады.

Шығыста туризімді дамыту үшін жан-жақты жоспар мен жоба жасалды. Негізгі бағыттар да айқындалды. Өңірде оған қажет су да, ну да бар. Соңғы жылдары әсіресе қысқы туризмінің әлеуеті әлденіп келеді.

Сымбат Рамазанов, сарапшы:

Биыл қысқы туристік маусымның ашылуына шетелдік қонақтар, Германиядан келген сарапшы туристер өте қажет деп ойлаймын. Олар өздеріндегі жобаларды айтуы мүмін.

Туризм саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер кез келген туристі қалаған бағыты бойынша алып жүріп қызмет көрсетуге дайын.

Александр Чиликин 2005 жылдан бері туризм саласында кәсіп етеді. Бүгінге дейін бірнеше демалыс нысаны мен шаңғы тебетіндер тауға көтерілетін қанатты жол салды. Кәсібін әлі де кеңейткісі келеді.

Александр Чиликин, туристік нысанның директоры:

Бұл салаға инвестор тарту әлі де үлкен мәселе. Өйткені біздің өңірдегі демалыс орындарының көбі орман қорының аумағында. Сондықтан шетелдіктер тәуекелге бармайды. Осы мәселе әлі де реттелмей келеді.

Реттеу үшін заңға өзгеріс керек. Соңғы 10 жылда туризм саласында еңбек етіп келе жатқан Әйгерім Әбетжанованың айтуынша, кәсіпкерлер бұл саланы  әлі де маусымдық табысқа ғана айналдырып отыр. Ал елдегі демалыс орындары жыл он екі ай жұмыс істеуі керек.

Әйгерім Әбетжанова, туристік агенттік өкілі:

Кеңес құру керек. Сендер қалай мұны көресіңдер? Себебі туропертаорлар өте көп. Оларға 10-15 жыл болды. Олар бұл жолды көрді, білді, күнделікті өтіп отыр.

Туристердің келу саны жағынан Жетісу мен Алматы облысынан кейін Шығыс Қазақстан  үшінші орында тұр. Қазір өңірде 23 туристік аумақта 405 демалыс нысаны бар. 2025 жылы өңірге жалпы 366 мың турист келсе, оның  351 мыңнан астамы өз еліміздің азаматы. 15 мыңға жуық шетелдік. Туризм саласына тек биыл 16 миллиард теңгенің инвестициясы тартылған.

Талғат Дәулетов, облыстық Туристік ақпарат орталығы басшысының орынбасары:

Қазіргі таңда облыста 23 туристік аймақ айқындалды. Осы 2025 жылғы қорытынды бойынша ең ірі жобалар ол Қатонқарағай мен Үлкен Нарын ауданында.

Қатонқарағай мен Зайсанда әуежай  және жоғары санатта қыземт көрсететін қонақ үйлер салынып жатыр. Осы нысандар пайдалануға берілген соң шығыстың туризмі жаңа деңгейге көтеріледі деген үміт бар.


Бөлісу