Отандық арналар Түркияда хабар таратады
Отандық телеарналар енді Түркияның да ақпарат кеңістігінде хабар таратады. Бұл жөнінде Анкарада Түркия Президенті жанындағы Коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуранмен кездескен Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов айтты. Кездесу барысында вице-министр Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сәлемін жеткізді. Басқосуда тараптар қазақстандық телеарналардың Түркия аумағында хабар таратуы жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Сондай-ақ екі ел арасындағы ақпараттық ынтымақты нығайту және Мемлекет басшылары жүктеген міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:
Түркия каналдарымен, Қазақстан телеарналарымен ортақ жобаларды пысықтау, соның ішінде мәдени мұрамыздың, тарихи мұрамыздың, туристік экономика, инвестициялық жобаларды айқындайтын ортақ проектілер. Оған қоса, тағы бір тақырып - ол әрине, дезинформация. Бір-бірімізге тиісті ақпарат алмасу, басқа да салаларды талқыладық. Ең басты мақсат – біздің міндеттеріміз бір, түркі мемлекеттерінің мүддесі де ортақ. Сондықтан осы бағытта жұмысты жалғастыру деп келістік.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02