Өзбекстанда су қоры айтарлықтай кеміп кетті
Биылғы қуаңшылық салдарынан Өзбекстанда су қоры айтарлықтай кеміп кетті. Былтырмен салыстырғанда су көлемі 6,5 млрд текше метрге азайған. Бұл туралы елдің су шаруашылығы министрі мәлімдеді. Өткен суару маусымында егіс алқаптарына 40 миллиард текше метрдей су қажет болды. Алайда трансшекаралық су қоймаларын есепке алғанда, су беру өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайды, - дейді министр. Тіршілік нәрінің тапшылығы Орталық Азия елдерінде өзекті мәселеге айналып келеді. Оны шешудің жолы – су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану. Соңғы 5 жылда Өзбекстан суды тиімді пайдалану мақсатындағы жобаларға шетелден 620 млн доллардан астам инвестиция тартқан.
Шавкат Хамраев, Өзбекстан Республикасы су шаруашылығы министрі:
Құрғақшылық, жауын шашынның кем болуы егін шаруашылығына әсерін тигізбей қоймады. Суармалы алқаптардың 60%-ға жуығына су үнемдеу технологиялары енгізілген. Бұл жеткіліксіз. Жұмысты жалғастыру үшін су ресурстарын басқару және ирригациялық секторды дамыту жоспары жасалды.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15