Басты Жаңалықтар Ақтауда тағы бір «Келешек мектеп» пайдалануға берілді

Ақтауда тағы бір «Келешек мектеп» пайдалануға берілді

Маңғыстауда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 13-ші мектеп пайдалануға берілді.

Он алтыншы шағын ауданда бой көтерген нөмірі 35-мектеп мың жарым балаға арналған. Жаңа форматтағы білім беру ұйымында оқушылардың толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалған. Мектеп ғимараты ерекше білім беруді қажет ететін балаларға да бейімделген. Мұнда сенсорлық бөлме, инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті жұмыс істейді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін арнайы жеделсаты орнатылған. Ал, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, мектеп ішінде 120 дан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Айта кетейік, бұған дейін аймақта «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 12 мектеп пайдалануға берілген болатын.

Жұмақыз Құдабаева, Ақтау тұрғыны:

Біз де армандайтын едік біздің балдар осындай мектепке барса екен деп, өте жақсы ұнап жатыр. Самый главный кабинеттері көп екен. Ол деген балалардың ары қарай білім алуға, ол келешекте үлкен білімді азамат болады деп ойлаймын.


Бөлісу