Қандастар Шәмші әндерін шырқады
Өзбекстанда тұратын қандастар Шәмші әндерін шарықтатты. Көрші елдің қазақтар көп шоғырланған Жоғарғы Шыршық аймағында қазақтың ұлы сазгері Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай ән байқауы өтті. Оған жиырмаға тарта өнерпаз қатысып, композитор шығармаларын нақышына келтіре орындады.
Шәмшінің артына қалдырған мол мұрасын дәріптеуге, рухани құндылықтарды
нығайтуға бағытталған байқау көрерменге ерекше шаттық сыйлады. Қазақ әндерін
сағынған зал толы көрермен әрбір шығарманы әншілерге қосыла орындап отырды.
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын қандастар сазгердің шығармаларын тебірене
тыңдады.
Анар Нәлібаева, журналист, әділқазылар алқасының мүшесі:
Шәмші атамыздың әндерін тыңдамайтын қазақ жоқ. Вальс королі деп тегін айтпаған, Шәмшінің әндері әрбір отбасында, жиын тойларда шырқалып жатады. Ақ жаулықты аналарымыз, аталарымыз, жастар жағы да Шәмші әндерінен рухани күш алады.
Байқауда сазгердің ел арасына кең таралған әндерінен бастап, көпшілік біле
бермейтін, сирек орындалатын шығармалары да айтылды. Жас таланттардың өнеріне
тәнті болған көрермен оларға ду қол шапалақтап, сахнадан жібергісі келмеді.
Қазылардың шешімімен жеңімпаздар да анықталып, арнайы жүлделерге ие болды.
Марат Оразбаев, байқау жеңімпазы:
Шәмші әндерін бала кезден орындап өстік бүгін әдемі кеш болды, жас таланттарға да бұл мүмкіншілік, өскелең ұрпаққа атамыздың әндері аманат. Жалғаса берсін, осындай байқаулар көптеп бола берсін.
Шәмшінің 95 жылдығына арналған ән байқауын қазақ ұлттық мәдени орталығы
ұйымдастырды. Мақсат- Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты
нығайту дейді шараға бастамашы болғандар. Мұндай өнер мерекесі алдағы уақытта
да жалғаса бермек.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15