Мемлекет басшысы БҰҰ университетінде дәріс оқыды
Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетіне барып, «Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы» тақырыбында дәріс оқыды.
Мемлекет басшысы Университеттің құрылғанына 50 жыл толуымен құттықтап, оқу
ордасының бүкіл халықаралық қоғамдастықтың игілігі үшін нақты шешімдер әзірлеуге
қосқан үлесін атап өтті. Президент
әлемде қақтығыстардың өршуіне алаңдаушылық білдірді. Мемлекет басшысы дағдарыс
белең алған және көпжақты ынтымақтастық тетіктері айтарлықтай әлсіреген қазіргі
кезде әділетті әрі тұрақты әлем құру жөніндегі ой-пікірімен бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы он жылда жер жүзінде қарулы қақтығыстар
көбейіп, ушығып кетті. Әлемдегі әскери шығындар былтыр 2,7 триллион доллар
болды. Сонымен қатар алпауыт елдер арасындағы стратегиялық бақталастық шырқау
шегіне жетті. Салдарынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қандай да бір ірі халықаралық
қақтығыстарды шеше алмайтын дәрменсіз күйге түсті. Айта кету керек, бүгін
Президенттің Жапонияға ресми сапарының екінші күні. Мемлекет басшысын Күншығыс
елінде жоғары деңгейде қарсы алды. Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаевты Жапония имераторы да, Премьер-министрі де бір күнде
қабылдады. Әдетте күншығыс елі меймандарға бір күнде екі ресми қабылдау
өткізбейді. Бұл жапон тарапының біздің Президентке деген құрметінің нышаны, -
дейді саясаттанушылар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы