Басты Жаңалықтар Астанада жұмысшы мамандықтарға сұраныс артып келеді

Астанада жұмысшы мамандықтарға сұраныс артып келеді

Астанада жыл сайын жұмысшы мамандықтарға сұраныс артып келеді. Биыл кадр тапшылығын шешу мақсатында колледждерге бөлінген грант саны 7 мыңнан 10 мыңға дейін көбейген. Бұл туралы Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылауға арналған шарада қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді. Айтуынша, жаңа оқу жылында 4 мамандық ашылған. Олардың арасында шаһардағы саябақтарды көгалдандыру мен абаттандыруға жауапты ландшафтық дизайнерлер мен фларистер, гидрогеологтар, сондай-ақ, инклюзивті білім беру сыныптарының көптеп ашылуына байланысты педагогтердің асиссенттері бар. Жиында жастарды теориялық емес өндірістік практикада тағылымадан өтуге басымдық беріліп жатқаны айтылды. Студенттерден бөлек мектеп оқушыларына ерте кәсіби бағдар беруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Мысалы, биыл 12 000 оқушы мен студент Мәскеу кәсіпорындарына экскурсиялар ұйымдастырылған.  Жалпы, қазір Астанадағы 32 колледж экономиканың негізгі салалары үшін білікті кадрларды даярлауда. Салтанатты жиын барысында, үздік нәтиже көрсеткен педагогтер мен жастар марапатталды.

Айжан Зияданова, Халықаралық WorldSkills сарапшысы:

Биыл Қазақстанның мәртебесі шетелде ерекше болды. Өйткені біздің веб технологиялар бойынша біз осы жылы ғана Мажарстанның шақыруымен ұлттық чемпионатына қатысып келдік. Данияда өткен hybridskills чемпионатына қатысып келдік және желтоқсан айының басында өзіміздің студентпен Ұлыбритания Ұлттық чемпионатына қатысып келдік. Осының бәрі еліміздің қолдауы деп санаймын.


Бөлісу