ШҚО-да кәсіпорындардың тапсырысымен 3 мың студент білім алуда
«Жұмысшы мамандық» жылы аясында Шығыс Қазақстан облысында қазір 155 кәсіпорынның тікелей тапсырысымен 3 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Олар диплом алған соң бірден тұрақты жұмысқа орналасады. Ал биыл өңірдегі колледждерді бітірген бес жарым мыңға жуық жас маманның 87 пайызы өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты. Аймақтағы арнаулы оқу орындары жұмыс берушілермен бірге еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, кәсіби стандарттарға сәйкес жаңартылған 159 білім беру бағдарламасын әзірледі. Дегенмен өндірісті өңірде әлі білікті техникалық мамандықтар жетіспейді. Мәселен, аймақтық энергетикалық компанияда 180-ге жуық электромонтердің орны бос тұр.
Ерболат Әлпиев, аймақтық энергетикалық компания басшысы:
Қазір біздер көптеген колледж бен университеттермен бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Дуальді оқытудың арқасында бірқатар азамат жұмысқа кіріп жатыр. Мысалға айтатын болсақ, Алтайдағы колледжен 8 адамды жұмысқа алдық.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28