Алыстағы ауыл мектептеріне цифрлық құрылғылар беріледі
Мемлекет басшысы білім беру саласына цифрландыру мен жасанды интеллектті жедел енгізуді тапсырған. Осы мақсатта «Алматыкітап» баспасы шалғайдағы елдімекен оқушылары үшін 1000 білім беру станциясын тегін таратады. Құрылғы интернетсіз де жұмыс істейді, жасанды интеллектпен жабдықталған. Оқу станциясы мұғалімдердің де жұмысын жеңілдетеді. «Qamqor» интеллектуалды көмекшісі сабақ жоспарларын әзірлеп, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Станция арқылы балалар 400-ге жуық әдеби кітапқа қол жеткізеді. Оның ішінде қазақ және шетел жазушыларының еңбектері бар. Мамандардың айтуынша, игі бастама, әсіресе, интернетке қолжетімсіз ауыл-аймақта білім алатын шәкірттер үшін тиімді.
Диана Тетенқызы, Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары:
100 пайыз Алматы облысында интернетпен қамтылды дегеннің өзінде де, кішкене болса бізде жетпей жатқан, байланыста ақауларымыз болады. Сондықтан мына балалардың толық шалғай жатса да осы электронды кітаптарға, көркем әдебиетке қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында керемет бір сый жасап жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы