СҚО балықшыларына ескерту айтылды
Қауіпсіздік талаптарын елемей, балық аулауға шығатындардың қатары азаймай тұр.
Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдай министрлігі республика көлемінде «Мұз» профилактикалық акциясын бастады. 10 мыңнан астам рейдтік шара өткізіліп, 15 мың балықшыға нұсқаулық берілді. 11 адам құтқарылды. Оның жетеуі бала. Петропавлдық құтқарушылар да өзен-көлдерді аралап, балықшыларға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі жайында ескертті. Биыл қыс кеш түскендіктен, Есіл өзеніндегі мұздың орташа қалыңдығы 15 сантиметр ғана. Мамандардың айтуынша, мұндай жерде топтасып жүру қауіпті. Алдын алу шарасы желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
Абылайхан Жақсылық, СҚО ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері:
Мұздың қалыңдығы 10 сантиметрден төмен болатын болса, балықшыларға айыппұл салынады. Мұздың үстіне шыққан кезде міндетті түрде үстінде құтқару жилеті болуы керек және де ысқырғыш және көлдің басынды өрт қауіпсіздігі шараларын байқау қажет.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17