Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 1 250 іс-шара ұйымдастырылған. Олардың қатарында «Таза қала», «Таза аймақ», «Киелі мекен» және «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні», «Мөлдір бұлақ» республикалық науқаны, сондай-ақ World Clean Up Day және «Халықаралық құстар күні» сияқты халықаралық бастамалар бар. Нәтижесінде биыл 795 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 1 миллион гектардан аса аумақ тазартылды. Республика бойынша шамамен 2 миллион 800 мың ағаш отырғызылды. Экологиялық акцияларға жалпы саны 6 миллион 400 мыңнан астам адам атсалысқан. Сонымен қатар жыл басынан бері @TazaQazBot чат-боты арқылы 25 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бүгінде олардың басым бөлігі шешімін тауып, жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Айнаш Қойшыбаева, ҚР
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы:
«Таза Қазақстан» экологяилық акцияларының ең негізгі бағыттарының бірі - экологиялық сананы өзгерту. Бұл бағытта біздің министрліктің тарапынан студенттерге, оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жасыл балабақшалар ашылып жатыр. Мектептердің арнайы жасыл клубтары бар. Алдағы жылы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша жұмыстар өз жалғасын табады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00