Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
Жасанды интеллектінің ақпараттық кеңістікке әсері үлкен. Осы ретте медианың этикалық нормалары мен бейбітшілік журналистикасының рөлін айқындау маңызды. Алматыда өткен халықаралық жиынға жиналған медиасарапшылар осындай пікір айтты. Мамандар жасанды интеллект дәуірінде ақпарат құралдарының жауапкершілігін күшейтіп, этикасын қалыптастыру қажет деп отыр. Сонымен қатар, шарада жалған ақпарат, эмоциялық манипуляция, әлеуметтік желідегі арандатушылық мәселелері көтерілді. Сарапшылар журналистердің жасанды интеллектіні фейк ақпаратты тез анықтау, нақтылау, мониторинг жасау, редакция жұмысын жетілдіру үшін тиімді қолдануы қажет екенін де алға тартты. Сондай-ақ бейбітшілік журналистикасы тек соғыс тақырыбымен шектелмей, қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, этностық және гендерлік шиеленістерді диалог арқылы шешуге бағытталуы керектігін айтты.
Молдияр Ергебеков, Назарбаев университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD, медиасарапшы:
Бейбітшілік журналистикасы – киберзорлық, кибербуллингпен күресуге көптеген жағдай жасайтын маңызды бір практика. Бейбітшілік журналистикасының ауқымын кеңейте отырып, қоғамдағы сенімді қалыптастыру, мүшелер арасындағы коммуникацияны көтеруді ойластырып жатырмыз.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17