ЛГБТ насихатына қарсы петицияға 50 мыңнан астам адам дауыс берді
ЛГБТ насихатына қарсы петицияға 50 мыңнан астам адам дауыс берді. Бұл туралы «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің арнайы баспасөз мәслихатында айтылды. Былтыр жарияланған ұжымдық хатқа қол қойғандар арнайы бағыттағы ақпараттың таралуын шектеуді талап еткен. Жиында мамандар мен қоғам белсенділері мұндай мазмұндағы мультфильм, сериалдар баланың санасын улайтынын айтып, оған тыйым салатын заңның қабылданғанын қолдайтынын жеткізді. Кеше Сенат тиісті норманы мақұлдаған еді. Енді ЛГБТ-ны насихаттағандар жауапкершілікке тартылады. Заң 2026 жылы күшіне енеді.
Мақсұтбек Айтмағанбет, «Әкелер одағы» РҚБ төрағасы:
Мектептерде, қоғамдық ұйымдарда ЛГБТ жақсы, дұрыс деп насихат болатын болса, соған қарсымыз. Балалар көретін мультфильм, әртүрлі фильм бар. Бала буыны қатпаған, ақ пен қараны ажырата алмайтын балаларға оны насихаттау дұрыс емес деп есептейміз. Әсіресе, білесіздер, мұндай насихат қазір интернетте көп. Әке-шеше жұмыста. Бала не көріп жатқанын білмейді.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04