Сынып ішіне камера қоюдың қажеті жоқ
«Мектепте әр сыныпқа бейнебақылау камераларын орнатудың қажеті жоқ». Қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге Оқу-ағарту министрі осылай деп нүкте қойды. Жұлдыз Сүлейменова «Бас тақырып» бағдарламасына берген эксклюзив сұхбатында бейнекамераны балалар жиі тәртіп бұзатын мектеп ауласына қою керегін айтты. Қазір еліміздегі біраз мектепте сынып ішіне бейнебақылау орнатылып жатыр. Алайда министр мұндай қадамға барып, ұстаз бен оқушыға қысым көрсетуге қарсы. Оның мәліметінше, Қазақстанда бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне арналған 6 заң қабылданды. Сонымен бірге мектептегі буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Жұлдыз сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Сынып ішінде бейнебақылау болмауы тиіс. Бейнебақылау бұл мектептің дәлізінде, кіреберісінде, ауласында, мектепте балалар көп шоғырланатын жерлерде болуы қажет. Балалардың тәртіпбұзушылыққа баратын жерлері бар, сол жерлердің бәрінде бейнебақылау болуы тиіс. Ол кейде дауысын жазсын. ІІМ-мен байланысты болсын. Оны құптаймын.
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03