Басты Жаңалықтар Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді

Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді

Келер жылдан бастап жұмыссыз және табысы аз азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары жергілікті бюджет есебінен төленеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Мамандардың айтуынша, МӘМС жүйесінде 16,8 млн-ға жуық адам сақтандырылған, ал 3 млн 600 мың тұрғын жүйеден тыс қалған. Министрлік оларды екіге бөлді, яғни 2,5 млн адам – тұрмыс деңгейі қанағаттанарлық, бірақ жарна төлемей жүр. Ал екінші топ табысы төмен, үш ай бойы зейнетақы жарналары түспеген аазаматтар. Олардың саны шамамен 1 млн 100 адам. Жаңа заңға сәйкес, әлеуметтік жағдайы төмен осы азаматтар үшін жарна төлеу міндеті жергілікті атқарушы органдарға жүктелді. Айта кетейік, МӘМС жүйесіндегі мәртебені Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының msqory.kz сайтынан және экранда көрсетілген жолдармен тексеруге болады.


Бөлісу