Жаңа заң: Келесі жылы банктерге қандай талап қойылады?
Неге банктерге сенім жоқ? Себебі банктер тұтынушылық кредит таратудың шебері. Портфельдерінің негізгі бөлігін тұтынушылық несие құрайды.
Ал экономикаға инвестиция құюдың орнына халыққа қарыз беруге әуестік - даму жолы емес.
Себебі тұтынушылық несие тарата беру банктерді түрлі тәуекелдерге және инфляцияға қауқарсыз етеді. Ірі жобаларды былай қойғанда, ақшаны шағын және орта бизнеске де «көңілсіз», зорға бөледі. Бизнес кредит деп бергенінің мазмұны тұтынушылық болып шығады. Комиссиялары жоғары, жасырын төлемдер - ол бар.
Және ең жарқын мысал: құрдымға кеткелі тұрған бірнеше банкке мемлекет қазынасынан қыруар қаржы бөлінді. Иә, банк жүйесін күйретуге болмайды. Алайда қазына қаржысы қайтарылды ма? Бұл құтқару операцияларының сұрауы сиырқұйымшақтанып кетті.
Қазір банк қызметі туралы заң Парламентте. Үкімет жыл соңына дейін қабылданады деп отыр. Және бұл салада ауқымды реформа жүреді деп сипаттайды.
Екі лицензия енгізу. Ислам банкингін кеңейту. Финтех пен цифрлық активтерді дамыту. Банк клиенттерін қорғау. Банктерді қадағалаудың тиімділігін арттыру. Концептуалды буып-түйіп айтқандарын тыңдасақ, жаман емес. Алайда біз «қансорғыш биттің тонның астарында жүретінін» білеміз ғой.
Ең басты сауал - банктер халыққа тұтынушылық, басқа да несие беріп «раһаттанып» отырған қалыптарынан өзгере ме?
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Желтоқсан оқиғасының шындығын жеткізген шығармалар
21.12.2025, 20:35
Елдегі демографиялық ахуал қандай?
21.12.2025, 20:20
Қазақстан-Жапония: Былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асты
21.12.2025, 20:10
Асанәлі Әшімов – қазақ киносының аңызы
21.12.2025, 20:05
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50
Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді
20.12.2025, 17:47