Алматыда студент мұғалімге пышақ кезенген
Алматыдағы университеттердің бірінде студент мұғалімге пышақ кезенген. Куәгерлердің сөзінше, қастандыққа студенттің жазғы маусымға қалдырылуы себеп болуы мүмкін.
Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқытушының жағдайы қанағаттанарлық.
Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексерістерден өтті. Дәрігерлердің айтуынша, өміріне айтарлықтай қауіп жоқ. Қалалық Полиция департаменті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
Аталмыш дерек бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай жатып ұсталып, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды, оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17