Ақтөбе облысында 30-дан аса ауылға газ құбыры берілді
Биыл Ақтөбе облысында 30-дан аса ауылға газ құбыры тартылды. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Осылайша, өңір халқының 97 пайызы көгілдір отынның игілігін көріп отыр.
Газ желісіне қосылған елді мекендердің бірі – облыс орталығынан 460 шақырым жырақтағы Оймауыт ауылы. Мұнда 800-ге жуық адам тұрады. Ауылда мектеп, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория және балабақша жұмыс істеп тұр. Байғанин ауданында бұған дейін Оймауыттан бөлек Қаражар елді мекеніне де көгілдір отын берілген еді.
Талдыбай Талқанбаев, Оймауыт ауылының тұрғыны:
Біздің ауылға тамаша көмек болды. Бізге су келді, газ міне, келіп тұр. Жол салынып жатыр. Мектеп салынып жатыр. Анау клубты жөндеуге ақша бөлініп қойды.Биыл өңірде 12 млрд теңгеден астам қаржыға 23 жоба жүзеге асты. Осылайша, 13 мыңға жуық халық тұратын 31 ауыл газ желісіне қосылды. Тек соңғы екі апта ішінде 7 елді мекен көгілдір отынның игілігін көре бастады. Олардың қатарында Шалқар және Мәртөк аудандарындағы Бершүгір, Алғабас, Сарысай, Аққайың және Покровка ауылдары бар.
Арысұлан Айтбаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Жылдың қорытындысы бойынша 203 елді мекен немесе 901 мың, облыс халқының 97 пайызы газбен қамтылып отыр. Енді алдағы кезеңге тоқталсақ. Қазіргі таңда 24 елді мекенді қамтитын 18 жоба іске асырылуға дайын. Қолдау тауып, қаржы бөлінген жағдайда, барлығы іске асырылатын болады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03