«Күміс жас» жобасы тиімділігін көрсетті
Абай облысында “Күміс жас” мемлекеттік бағдарламасына деген сұраныс артқан. Аталған жоба жасы зейнетке тақаған жандарды тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған. Мемлекет пен жұмыс беруші егде жастағылардың еңбекақысын бөліп төлейді. Нәтижесінде жұмыс берушінің қаржысы үнемделеді, ал жұмыссыз тұрақты еңбекпен қамтамасыз етіледі. Қазір жобаның игілігін өңірде мыңдаған адамдар көріп отыр.
«Күміс жас» 50 жастан асқан жұмыссыздарды қолдауға бағытталған бағдарлама. Ақсуат ауылының тұрғыны, Бақытгүл Жиреншина осы жоба арқылы бір жылдан бері сатушы болып жүр. Бұрын заңгер қызметін атқарған. Еңбек жолында ұзақ үзіліс болыпты. Кейіннен егде тартқан шақта ешкім құлшынып жұмысқа алмаған. Мәселесі мемлекеттік бағдарлама арқылы шешілген.
Бақытгүл Жиреншеқызы, сатушы:
50 ден асқаннан кейін, зейнеткерлікке тақағаннан кейін жұмыс табу өте қиынға соғады. Үкіметтің жақсы бір мүмкіндігі деп ойлаймын. Қаншама адам рахметін айтып жатыр. Мемлекеттен біз 117 мың аламыз. Қалған жартысын жұмыс беруші төлейді.62 жастағы Ербол Байсүйінов та дәл зейнетке жасы толарда жұмыссыздардың қатарына қосылған. Өмір бой еңбек еткен мекемесі жабылған. Вет сарапшы мамандығы бойынша тәжірибелі маманға жергілікті Мәнсап орталығы жұмыс тауып беріп тығырықтан шығарды. Қазір тұрақты жалақысын алып, еңбек өтілін толықтырып жатыр.
Ербол Байсүйінов, Вет сарапшы:
Мен сияқтыларға өте керек. Ауданымызда жұмыссыздар бар ғой жұмыс істемей жүрген. Соларға өте қажет бағдарлама. Үкіметке алғысымыз шексіз. Рахмет! 2,5 жыл болды алып жатырмыз. Алла бұйырса осы жерден зейнетке шықсақ деген үмітіміз бар.Бағдарлама жұмысқа орналасатын адаммен қатар, жұмыс берушіге де тиімді болып отыр. Өйткені, жалақының 70 процентін мемлекет субсидиялайды.
Ерсін Құдайбергенов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары:
«Күміс жас» бойынша сұраныс жоғары. Себебі қатысу мерзімі ұзақ әрі субсидия мөлшері ең жоғары болып белгіленген. Сонымен қатар 50 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Биыл облыс бойынша 1239 адам жұмысқа орналасқан. Қатысушылар саны белгіленген жоспардан артып отыр.
Биылғы жылы тек Абай облысының өзінде 5700 ге жуық адам түрлі суссидияланған жұмыс орнындарына жолданған. Ал еліміз бойынша бұл көрсеткіз 153 мыңнан асып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы