ЖИ журналистика саласына қалай әсер етеді?
«Цифрландыру дәуіріндегі масс-медиа трансформациясы». Алматыда республикалық және өңірлік БАҚ өкілдерінің басын қосқан дөңгелек үстел өтті. Кездесуде қазіргі журналистиканың жаңа бағыттары, медиа этика мәселелері және жасанды интеллекттің журналистикаға ықпалы талқыланды. «Жасанды интеллект қанша дамып, шарықтаса да ақпараттың сапасы мен редакциялық жауапкершілік өзгермеуі тиіс», - дейді сала мамандары. Жиналғандар баспасөздің болашағына да алаңдаушылық білдірді. Сондықтан оқырман мәдениетін, соның ішінде балалар мен жасөспірімдердің газет-журнал оқу әдебін сақтап қалу үшін оқу-ағарту министрлігімен тығыз әріптестік орнату керегін атап өтті. Шара соңында отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан сала ардагерлеріне «Ақпарат ардагері» төсбелгісі табысталды.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Цифрландыру және жасанды интелектің жаңа мүмкіндіктер ашуымен әрине, қауіп-қатерлер бар екендігі де айтылды. Кейінгі жас журналистердің ЖИ-ді шектен тыс пайдалануының шығармашылыққа әсері, кәсіби журналистикаға әсері, жалған ақпарат яғни фейктермен жұмыстар қалай жүргізілуі керек, осының бәрі кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы